Түзетілген осалдықтар туралы ақпаратты сақтаудың максималды мерзімін белгілеу

Басқарылатын құрылғылардағы түзетілген осалдықтар туралы ақпаратты дерекқорда сақтаудың ең көп мерзімін белгілеу үшін:

  1. Басқару серверінің мәнмәтіндік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Оқиғалар қоймасы бөлімінде, дерекқордағы түзетілген осалдықтар туралы ақпаратты сақтаудың ең көп мерзімін көрсетіңіз.

    Әдепкі бойынша белгіленген мерзім – 90 күн.

  3. OK түймесін басыңыз.

Түзетілген осалдықтар туралы ақпаратты сақтаудың ең көп мерзімі көрсетілген күндер санымен шектеледі. Осыдан кейін, Басқару серверіне қызмет көрсету тапсырмасы дерекқордан ескірген ақпаратты жояды.

Басына оралу